16 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған депутаттар Нұржан Қарғабаев пен Айғаным
Шынарбек мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.
Бұдан соң кезекті мәслихат сессиясы өтіп, комиссия отырысында қаралған
мәселелер депутаттардың талқысына түсті.
Сессияда Айғаным Шынарбек баяндама жасап, елді мекендердегі су ұңғымалары
мен мұнаралардың жай-күйіне тоқталды. Сессияға дейін депутаттар Меркі
ауданындағы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан
жұмыстарға зерделеу жүргізген болатын. Зерделеу барысында бірқатар кемшіліктер
анықталған.
«Жалпы жеті ауылда су ұңғымалары мен мұнаралар санитарлық нормаларға мүлдем
сәйкес келмейді. Кейбір нысандарда электр сымдарының салбырап тұрғаны, ал
кейбірінде мотордың жанынан су ағып жатқан жағдайлар тіркелді.
Меркі ауданындағы ауыз су мәселесін шешу – тек инженерлік құрылыс емес, ол
халықтың денсаулығын қорғау, тұрмыс сапасын жақсарту, елдің ертеңіне салынған
инвестиция. Бүгінгі анықталған кемшіліктер – жай ғана техникалық олқылық емес,
ол тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін аса маңызды мәселе.
Сондықтан, әрбір жобаның сапасы мен мерзіміне қатаң бақылау орнату қажет.
Санитарлық талаптарға сай келмейтін су мұнаралары мен ұңғымаларды кезең
кезеңімен ретке келтіру керек. Қаржыландыру тетіктерімен қатар, мердігер
компаниялардың жауапкершілігін заңды тұрғыдан күшейту қажет. Сессияда ақжолдық
әріптесім Нұржан Қарғабаев та өткір мәселе көтеріп, сын көтермей тұрған ауыз су
жүйесінің жай-күйін жеткізді. Ұсыныс айтты», - дейді Айғаным Шынарбек.


