01
Қазан

Нұржан Қарғабаевтың төрағалығымен мәслихаттағы тұрақты комиссияның отырысы өтті

1 қазан 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

“Ақ жол” партиясынан сайланған Меркі аудандық мәслихатының депутаттары Нұржан Қарғабаев, Айғаным Шынарбек тұрақты комиссияның отырысында күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша ұсыныс енгізді.

Депутаттардан құрылған жұмысшы топ Меркі ауданындағы электр жарығын таратушы трансформаторлардың жай-күйі мен көшелерді түнгі жарықтандыру жұмыстарына зерделеу жүргізген болатын. Сараптау-саралау барысында бірқатар кемшіліктер анықталды.

“Комиссия төрағасы Нұржан Қарғабаев аудан көлемінде ескірген трансформаторлардың көп екенін алға тартып, бірінші кезекте соларды ауыстыру мәселесі бойынша мәслихат сессиясына ұсыныс енгізуіміз керек екендігін айтты.

Зерделеу барысында кейбір елді мекендерде трансформаторлар қоршалмағанын көрдік. Кейбір елді мекендерде кейінгі жылдарда түскен көшелерінде әлі күнге электр желілері тартылмаған. Ал тұрғын алаптарда халық саны күн артып келеді. Комиссия отырысында осы проблеманы көтеріп, бірінші кезекте жауапты мекемелерге ұсыныс жолдау керектігін айттым”, - дейді ақжолдық депутат Айғаным Шынарбек.