19
Қыркүйек

Қоғамдық бақылау – ашықтықтың кепілі!

19 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Абай облысы Семей қаласы мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 01-05/32 өкімімен бекітілген Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына азаматтық қоғам өкілдері арасынан «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесі төрайымы Бинұр Ахатқызы мүше болып сайланды.

Бұл маңызды қадам – жастардың ел дамуына қосар үлесін арттырып, олардың қоғамдағы орнын айқындайтын айшықты оқиға. Қоғамдық кеңеске мүше болу – жауапкершілікпен қатар, әділдік пен ашықтықты дәріптеудің жарқын үлгісі.

«Ақ жол» демократиялық партиясы әрқашан халықтың үнін жеткізіп, қоғамдағы әділдік пен айқындықты басты құндылық ретінде ұстанып келеді. Жастардың белсенділігі – еліміздің дамуы мен өркендеуінің кепілі.