09
Сәуір

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті

9 сәуір 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

Бүгін, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысын комиссия төрағасы М.Тұрысбеков жүргізді.

Жиынға облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Т.Қозбеков, тұрақты комиссия мүшелері: Н.Әжіметов, И.Намазбаева, Д.Егамбердиева, Д.Абіш, Б.Серманизов, Н.Жамалбеков, Ж.Әбдібаев, Ғ.Райымбеков, Ж.Қанаев, Б.Айтқұлов, «Ақ жол» партиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Е.Үсентаев, А.Үмбетәлиев, күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты.

Жиында «Ақ жол» партиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты  Ержан Рахымұлы  Түркістан қаласында салынып жатқан қолөнершілер ғимараты жайлы сөз қозғады. Ашылатын ғимарат  туризмге,  жалпы Түркістан облысына қандай пайдасын тигізбек?  Табысын еселей алады ма? Салыну мақсаты қандай болмақ? Осы сауалдарды жауапты сала мамандарына жолдады.    Ғимарат кұны да аз емес.  Бас-аяғы - 2 млд 500 млн теңгені құрайды.  Қайтарымы мен пайдасы есепке алынса,   деген ұсынысты  жауапты сала мамандарына жеткізді.

Басқосуда М.Тұрысбековтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Отырыста облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады.

Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірлерін айтты. Сондай-ақ, «Тұран Су» мекемесіне өндірістік ғимарат сатып алуға 350,0 млн.теңге қарау мәселесін толық зерделеу мақсатында кейінге қалдырды.

Депутаттар облыстық бюджеттің қаражатын тиімді пайдалану мен нақты бағыттарға бөлу бойынша шешімді сессияда бекітетін болады.