29 қыркүйек 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезекті XVIII сессиясының күн
тәртібін талқылау мақсатында тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі
ұйымдастырылды.
Жиынды облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Мағауия
Тұрысбеков жүргізді. Отырыста облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыс
әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасарлары
Талғат Қозбеков пен Нұрбол Тұрашбеков, сондай-ақ бірқатар облыстық мәслихат
депутаттары, «Ақ жол» партиясының өкілдері Ержан Үсентаев пен Жамшидбек
Туламетов те қатысты.
Күн тәртібінде облыс әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің
орындалуы жөніндегі есеп және облыстық туризм басқармасының жұмысы туралы
баяндама тыңдалды.
Мәжіліс барысында депутаттар өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.



