22
Ақпан

Оқу ордасы "Ақжолдық" депутат Ғани Хамзинге мәселесін айтты

21 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Ғани Хамзин А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері және ұстаздарымен жүздесті.

Кездесу барысында өңірдің іргелі білім ордасының студенттері толғандырған сауалдарын жеткізді.

Халық қалаулысына айтқан мәселелер:

  • Жас мамандарды жұмыспен қамту;
  • Студенттерге төленетін жол шығынының кешігіп төленуі;
  • Індетке қарсы екпе салу;
  • Ауылдық мектептерде Цифрлық сауаттылық пәндерінің талапқа сай оқытылмауы;
  • Жастардың өз кәсібін ашу;

Оның ең өзекті болып отырғаны еліміздің оңтүстігінен оқып жүрген студенттердің қысқы және жазғы демалыстарында өз үйлеріне жете алмауы.

  • «Біз - солтүстік өңірдегі ең іргелі оқу орнымыз. Сол себепті еліміздің түпкір-түпкірінен мыңдаған студент білім алуға ынталы. Бірақ, «жомарттың қолын жоқ байлайды» дегендей біздің білім ордамыз мемлекеттік «Серпін» бағдарламасында арта қалып отырмыз. Оған дәлел өткен оқу жылында осы бағдарлама арқылы 100-ақ студент қабылдадық. Оның басты себебі, Қостанай облысын оңтүстікпен байланыстыратын темір жол көлігінің жоқтығы. Осы жанымызға батып отыр. Біз сіздерден Қызылорда - Қандағаш – Қостанай бағытында жеке поездің іске қосылуына атсалысуларыңызды сұраймыз. Әйтпесе, студенттеріміз үйіне жету үшін жол азабын тартып жүр», - дейді оқу орнының проректоры Нұрлан Мәмиев.

Мәжілісімен барлық мәселелер «Ақ жол» фракциясының алдағы жұмысында қаралатынын айтты.

Мұнан соң депутат Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» және жаңадан салынып жатқан «Камаз орталығы» зауыттарына барды.

Ғани Хамзин мекеме мамандарымен тілдесіп, орталық жұмысымен танысты.