12
Шілде

Қордай аудандық мәслихат депутаты Ержігіт VIII халықаралық «Азия балалары» спорттық ойындарынан жүлдемен оралған Шариз Буралкинованы құттықтады

12 шілде 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан Қордай аудандық мәслихатына сайланған депутат Ержігіт Смағұлов бастаған аудан тұрғындары VIII халықаралық «Азия балалары» спорттық ойындарынан жүлдемен оралған Шариз Буралкинованы үлкен салтанатпен қарсы алды.

Жас спортшы Гвардейский қалашығындағы №43 орта мектептің 9-сыныбының оқушысы. Ресейдің Якутск қаласында өткен «Азия балалары» атты халықаралық жарыста өзбектің күреш спорты бойынша бақ сынап, 3-орынды иеленді. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының сапында сынға түскен қордайлық спортшы осылайша жүлде қоржынына қола медаль салып отыр.

«Ақ жол» партиясынан Қордай аудандық мәслихатына сайланған депутат Ержігіт Смағұлов дарынды жас жеткіншектің жарысқа қатысуына демеуші болып, қомақты көлемде қаржылай қолдау көрсеткенін айта кету керек.

Ержігіт Смағұлов күрес түрлері бойынша жаттығып, түрлі жарыстарға қатысып жүрген жас дарынды үнемі қолдап, демеушілік жасап келеді.