17 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ақ жол» ҚДП Жамбыл
облыстық филиалының кеңсесінде майдангерлер ұрпақтарымен кездесу
ұйымдастырылды. Жиынға ақжолдық депутаттар Дәурен Ахметжаев, Руслан Мырқалықов,
партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, заңгер Жеңіс
Сариев, Жуалы ауданындағы партия филиалының үйлестірушісі Талғат Қуатбеков
қатысты.
Кездесуді партия филиалы төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Ахметжаев
ашып-жүргізіп отырды. Модератор Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың
Жеңісті жақындатуға қосқан үлестері мен майдан даласындағы ерен ерліктеріне
тоқталды. Жеңістің 80 жылдығына орай, Алматы қаласының соғыс және тыл
ардагерлері кеңесі Президиумының шешімімен «Дети войны» мерекелік медалі
тағайындалғанын жеткізді.
Ақжолдық депутаттар Дәурен Ахметжаев пен Руслан Мырқалықов майдангерлердің
ұрпақтарына медальдар тапсырып, Сейсекүл Дүйсебайқызы партия филиалы атынан
ақжаулықты аналарға орамал жауып, сый-құрмет көрсетті.
«Бұл медальдар әке-шешелері соғысқа қатысқан, өздері соғыс жылдары және
соғыстан кейін дүниеге келіп, еңбек еткен азаматтарға арналған. Жеңістің 80
жылдығына арналған 5 медаль «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалына
беріліп отыр. Біз осы медальдарды иелеріне тапсырдық», - дейді Дәурен
Ахметжаев.
Жеңістің 80 жылдығына арналған медаль иегерлері:
1. Үсенова Күлия – 1922 жылы туған, Тыл еңбеккері, Тараз қаласының тұрғыны;
2. Қайнарқұлова Бибігүл – 1940 жылы туған. Соғыс ардагерінің қызы, Тұрар
Рысқұлов ауданы;
3. Нұржанов Нүсіпбек Мақышұлы – 1942 жылы туған, Соғыс ардагерінің ұлы,
Меркі ауданы;
4. Көпбаев Қалдыбек Бейбітұлы – 1952 жылы туған, Соғыс ардагерінің ұлы,
Жуалы ауданы;
5. Сағымбекова Маржанкүл Сиязқызы – Соғыс ардагерінің қызы, Тараз қаласы.



