08
Мамыр

Отан қорғаушылар күні аясында әскери қызметшілер марапатталды

8 мамыр 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің бастамасымен 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай әскери қызметтегі азаматарға құрмет көрсету мақсатында «Ақ жол» демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы №35950 әскери бөлімінің қызметшілерін марапаттады.

Бүгін Ақтауда №35950 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.

Жиынға «Ақ жолдың» Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Бекнұр Бисенов, «Ақ жол» демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Тәжібаева, №35950 әскери бөлімінің командирі, подполковник Аманжол Хасанғалиев, №35950 әскери бөлімінің қызметкерлері мен олардың жанұялары қатысты.

«Ақ жолдың» Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Бекнұр Бисенов мен «Ақ жол» демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Тәжібаевалар жиналғандарды мерекемен құттықтады.

Мұнан соң депутат Бекнұр Бисенов «Ақ жол» демпартиясы атынан Қазақстан Қараулы күштерінің қалыптасуына қосқан жеке үлесі және ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін №35950 әскери бөлімінің қызметшілері Утегенов Олжас Амангелдіұлын (майор), Панин Сергей Владимировичті (капитан), Кабижанов Арман Таубайұлын (2-ші сыныпты сержант) «Еңбегім еліме» медалімен марапаттады.

Сондай-ақ,  Отан қорғаушылар күніне орай әскери борышын өтеу кезіндегі қызметі үшін №35950 әскери бөлімнің жеке құрамына облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. 

Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын мерекелік концертке жалғасты.