09
Қантар

Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Шиелі ауданының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

9 қантар 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалы

2024 жылдың 9 қаңтарында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Иса Қазыбек Жарылқасынұлының Қызылорда облысы, Шиелі аудандық кітапханасында ауданның зиялы қауым өкілдерімен  кездесуі өтті. Кездесу басында Шиелі ауданы әкімі Ахатов Нұржан Қазыбек ағамызға келіп сәлем берді.  Қазыбек Жарылқасынұлы Парламент мінберіндегі Ақ жолдықтардың көтеріп жүрген мәселелері мен түрлі заң шығарушылық қызметтеріне шолу жасады. Зиялы қауым өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін  жеткізді. Кітапханаға "Ақ жол" партиясы атынан «Ақ жол» газетінің толық саны жиеақталған  25 томдық "Ақ жол" кітаптары тарту етілді.  Кездесу соңында Шиеліліктер Қазыбек Жарылқасынұлынан автографтар алып, естелік суреттерге түсті.