05
Шілде

Парламент Мәжілісінің вице-спикері Дәния Еспаева Ақтөбе өңірлік университетінің қызметкерлерімен кездесті

5 шілде 2024 жыл, «Ақ жол» ҚДП-сы Ақтөбе облыстық филиалы баспасөз қызметі

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің төраға орынбасары Дәния Еспаева және мәжілісмен Жұлдыз Сүлейменова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің “Студенттер сарайы” ғимараты мәжіліс залында аталмыш білім ордасының профессор-оқытушылар құрамымен және қала мектептері мен колледждерінің педагогикалық құрамымен кездесті. Жиында депутаттар білім сапасын жақсарту мәселесі және әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған  заңның бірнеше нормаларына тоқталып өтті.

Халық қалаулылары облыстағы білім сапасының төмендеп бара жатырғанына қынжылатындарын жеткізді.

Сонымен қатар, ұстаздар да білім алушыларға білім берудің жаңа методикасын пайдалану керектігін жеткізді, себебі әлеуметтік желінің қарқынды дамуы жастардың есте сақтау қабілетіне мейлінше залал беріп, қысқа ақпаратты ғана қабылдайтын деңгейге жеткізгенін айтты.

Жиын соңында депутаттар педагогтардың атқарып жатырған жұмыстарына сәттілік тілеп, қойылған сұрақтарына толықтай жауап берді.