04
Қантар

Парламет Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаев Қызылорда облысындағы іс-сапары

4 қантар 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалы

ҚР Парламет Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаев Қызылорда облысындағы іс-сапары Қызылорда қаласындағы жеңіл өнеркәсіп саласында арнайы киім тігумен айналысатын «Ас-Ка» ЖШС жұмысымен танысудан басталды.

Е.Бейсенбаев мекеменің тігіп жатқан бұйымдарымен танысумен қатар,  туындап жатқан мәселелермен, яғни кәсіп нысанын кеңейту бойынша жер алу мәселесінің қиындығы, айналым қаражатын қалыптастыру үшін несиенің қолжетімсіздігі, несие пайызының жоғары екендігі секілді мәселелермен танысты.

Әрі қарай Е. Бейсенбаев «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының белсенділерімен кездесті. Кездесу барысында партия қатарына өткен жаңа мүшелерге партиялық билет табысталды.

Сонымен қатар, белсенділер тарапынан түрлі саладағы мәселелер көтерілді.