28
Қыркүйек

Партия қатары жас мүшелермен толыға түсті

28 қыркүйек 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Алтай ауданындағы ауыл шаруашылығы колледжінің бір топ студенті «Ақ жол» партиясының мүшелігіне қабылданды.

Салтанатты жиында ШҚО филиалы төрағасы Қажұмхан Қайырденов жастарға партбилеттерін табыстап, олардың белсенділігін ерекше атап өтті.

«Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Бүгін біздің қатарымызға қосылған студенттер ауылдағы мәселелерге бейжай қарамай, өз білімдері мен күш-жігерін ел игілігіне жұмсайды деп сенеміз. Партияға жаңа серпін беретін де – жастар», – деді Қажұмхан Қайырденов.

Жаңа мүшелер өз кезегінде сенімге лайық болуға, қоғамдағы өзгерістерге белсене араласуға дайын екендерін жеткізді.