29 қыркүйек 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Марқакөл ауданында толыққанды аудандық аурухана әлі жоқ. Бір жарым жыл
бұрын аудан мәртебесі берілгенімен, тұрғындар әлі күнге дейін тек ауылдық
амбулатория қызметін пайдаланып отыр.
Мұнда хирург, гинеколог, стоматолог сияқты дәрігерлер жоқ. Сондықтан
жергілікті халық кез келген күрделі тексеру мен ем алу үшін басқа аудандарға
баруға мәжбүр.
Амбулаторияға аудандық аурухана мәртебесін беру үшін арнайы лицензия қажет.
Қазір санитарлық талаптар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда – желдету жүйесі
жаңартылып, лифт орнатылып жатыр. Осы қадамдар аяқталғаннан кейін ғана
медициналық мекемеге жаңа мәртебе беріледі.
«Ақ жол» партиясының ШҚО филиалы бұл мәселені бақылауда ұстап, халыққа
қолжетімді сапалы медицинаға жағдай жасау жолында жұмысын жалғастырады.


