07
Наурыз

Партияластардың мерекелік құттықтауы

7 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалының кеңес мүшелері, партиядан сайланған ақжолдықтар филиал ұжымының әйелдер қауымына сый-құрмет көрсетті.

Филиал заңгері Жеңіс Сариев, қалалық мәслихаттың депутаттары Руслан Мырқалықов, Бауыржан Найзақұлов, филиал кеңесінің және облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Берік Тілебаев ақ тілектерін жеткізді. Гүл шоқтарымен бірге, сый-сияпаттарын тапсырды.

Аналар мен арулар мерекесінің көңілге шаттық сыйлайтын, жан жылуын әкелетін көктеммен бірге келуі кездейсоқтық емес. Партияластар әріптестеріне жылы лебіздерін арнап, осынау көктем мерекесінің мәнін арттыра түсті.