20
Ақпан

Парубов Михаил және Асадуллин Наилді "Адам өмірін құтқарғаны үшін" төсбелгісімен марапаттады

20 ақпан 2025 жыл, Қарағанды облыстық филиалы

2024 жылғы 15 желтоқсанда Қарағанды қаласының бес қабатты тұрғын үйінде болған өрттен адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі үшін Парубов Михаил мен Асадуллин Наилді "Ақ жол" партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ермек Әбілдин партия төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев атынан "Адам өмірін құтқарғаны үшін" төсбелгісімен марапаттады.