3 шілде 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
2025 жылғы 3 шілдеде Павлодар облысына жұмыс сапары барысында «Ақ жол»
демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты Ерлан Барлыбаев және партияның Алматы филиалының төрағасы Олжас
Нұралдинов аймақтың бірқатар ірі кәсіпорындарын аралады.
Сапардың негізгі нысандарының бірі — Орталық Азиядағы ферроқорытпа
өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорын саналатын Ақсу ферроқорытпа зауыты болды.
Бұл зауыт — Қазақстанның металлургия саласындағы маңызды буындардың бірі.
Азат Перуашев пен делегация мүшелері зауыттың өндірістік қуатымен танысып,
жаңадан орнатылған жабдықтарды қарап, ферроқорытпа өндіру цикліндегі технологиялық
процестерді көзімен көрді.
Металлургия зауытынан басқа делегация Ақсу ГРЭС-ке барды.
Нысанда делегация ГРЭС-тің жай-күйі мен жүргізіліп жатқан жаңғырту
жұмыстарын қарап, жылумен жабдықтаудың тиімділігі мен энергия желісінің сенімділігі
мәселелерін талқылады.
Сапар аясында Азат Перуашев еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, олардың
сұрақтарына жауап берді.









