22 наурыз 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
Қалалық және аудандық командалар арасындағы тартысты жарыс
ойыншылардың мықтылығы мен командалық
рухын танытып, достық атмосферада өтті.
І орынды Павлодар ауданы, ІІ орынды Павлодар қаласы, ІІІ орынды Успен
ауданы иеленді.
Марапаттау рәсіміне «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының
төрағасы Смағұлов Рүстем Сағадатұлы қатысты.
Турнир жеңімпаздары лайықты марапаттарға ие болды, ал барлық қатысушылар
командалық бірлікті нығайту және белсенді өмір салтын қолдау үшін осындай
іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. Мұндай спорттық сайыстарды тұрақты
түрде өткізу жоспарлануда.