15
Ақпан

Павлодар облыстық филиалының конференциясы өтті

15 ақпан 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Ақ жол»   партиясының Павлодар облыстық филиалының конференциясы өтті.

Облыстық филиал ұйымдастырған конференцияға «Ақ жол» демпартиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Барлыбаев, «Ақ жол» фракция аппаратының басшысы,  Мәслихаттармен жұмыс жөніндегі ҰК хатшысы Берік Сәлімжанұлы Дүйсембинов, сондай-ақ жергілікті филиал делегаттары қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Павлодар облыстық филиалының жаңа төрағасы болып Смағұлов Рүстем Сағататұлы бекітілді.