11
Сәуір

Президент Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі

11 сәуір 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

– Халқымыз Шымкентті шырайлы шаһар деп атайды. Расында бұл жердің ауа райы да, адамдары да өте керемет, ерекше деп айтуға болады. Қала тұрғындары өте еңбекқор, таза, іскер азаматтар

– Шаһар жыл өткен сайын қарыштап дамып келеді. Көптеген өндіріс орындары ашылып жатыр. Менің тапсырмаммен бірнеше әлеуметтік нысан салынды. Атап айтқанда, Конгресс-холл, екі Оқушылар сарайы, 11 жайлы мектеп бой көтерді

– Мегаполистің демографиялық өсімі де жоғары. Табиғи өсіммен бірге, мұнда көшіп келіп жатқандар көп. Осының өзі қаланың тіршілікке қолайлы, болашағы зор екенін көрсетеді

– «Таза Қазақстан» акциясына шымкенттік ағайын да белсене атсалысып жатыр. Былтыр қалада 200-ден астам аула мен қоғамдық орын тазартылды, 200 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Аширбаев Батырбек,

фракция жетекшісі, мәслихат депутаты Тулебаев Исламбек қатысты.

Ел ертеңі үшін елеулі іске – қолдау білдіруді мақсат еткен қос азамат та

Президенттің сөзінен қуат алып,

Шырайлы шаһардың шынайы өрлеуіне сенім артты.