09
Қыркүйек

Президент Жолдауы: ел дамуының жаңа бағыты

9 қыркүйек 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Бүгін партия өкілдері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдады. Мемлекет басшысы еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын айқындап берді.

- Цифрландыру және жасанды интеллект – мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сай жаңғыртуға, ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған.

- Отандық өндіріс пен экономикалық тәуелсіздік – ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады.

- Энергетикалық, азық-түлік және көлік қауіпсіздігі – еліміздің тұрақтылығы мен халықтың сенімді өмір сүруінің кепілі.

- Әлеуметтік саладағы реформалар – білім беру, денсаулық сақтау және экологияны жаңа деңгейге көтеру арқылы азаматтардың өмір сапасын арттыруды көздейді.

Партия Президент Жолдауында айтылған стратегиялық міндеттерді толық қолдайды. Біз әр бастаманың жергілікті деңгейде сапалы жүзеге асуын қадағалап, қоғаммен тұрақты байланыста жұмыс істейтін боламыз.