Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың 227 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектері қабылданады. Алғашқы күні қазақстандықтардың 100-ден астам өтініші келіп түсті.
«Қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын бастады. Мұнда біз сенім өкілдермен кездесулер өткіземіз , азаматтардың ұсыныстары мен тілектерінқабылдаймыз. Сондай-ақ, мобильді формат болады.Яғни, адамдармен кездесу үшін өңірлерге өзіміз барамыз. Ең шалғай елді мекендер қамтылады», –деп атап өтті ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Әлия Садырбаева.
Кандидаттың 4 мың сенімді өкілі 21 қазан мен 18 қараша аралығында қабылдау жүргізіп, сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинайды.
Азаматтарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.