22
Мамыр

Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның сайлауалды бағдарламасы - 'ult.kz'

22.05.2019
http://ult.kz/post/perzidenttikke-umitker-daniya-espaevanyn-saylaualdy-bagdarlamasy1


«Ақ жол» Демократиялық партиясы атынан

Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның

сайлауалды бағдарламасы

Құрметті отандастар!

Қазақстан жаңа тарихи дәуірдің босағасын аттағалы тұр!

Еліміз Тәуелсіздік алғанға дейін талай қиын-қыстау кезеңді басынан өткізді. Ал бүгінгі күні бізді жаңа дәуірдің жаңа белестері мен асулары күтіп тұр. Осы бағдарламада Республикамызды одан әрі көркейту мақсатында мемлекет алдында тұрған түрлі сынақтарды анықтап, олардан шығу жолдарын көрсеткім келеді.

Адал бәсекелестік болмаған жерде жаппай кәсіпкерлікке жол жоқ.

Сол үшін бізге әрдайым лайықты өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер ашып, оларды кеңейту керек.

Ал лайықты өмірдің кепілі – шенеуніктер емес, нарықтық экономика, демократия және әлеуметтік әділдік.

 1. ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ – БӘСЕКЕЛЕСТІК ПЕН  ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІК

Халық әл-ауқатының негізі – тұрақты қарқынды даму, жекеменшік бизнестію күшеюі, адал бәсекелестік.

Мен әрдайым жеке кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің тұрақты қолдаушысымын. Бүгінгі күні Отан алдында жаһандық қауіптер тұр, оларды еңсермей, бұдан әрі даму мүмкін емес.

Осы қауіптерді жаңа мүмкіндіктерге айналдыру үшін келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

● Ұлттық банк және екінші дәрежелі банктер несиелер бойынша мөлшерлемелерді төмендетуі тиіс.

● Шағын және орта бизнестің құлдырауына және халықтың кедейленуіне әкелетін  тұрақты девальвация тәжірибесін тоқтату.

Егер министр немесе Ұлттық банк басшысы девальвация болмайды деп мәлімдеп, сосын девальвация болса – шенеунік қызметтен кетуі тиіс.

● Қор құралдары арқылы баламалы, банктік емес қаржыландыруды дамыту керек. Мемлекеттік қолдаудағы «Астана» халықаралық қаржы орталығы сынды кәсіпорындар аталмыш әдістер арқылы қамтамасыз етілуі керек.

● Салықты әкімшілендіру мен есептілікті ықшамдату, бизнестің шығыс операцияларын тоқтату мен шоттарға тыйым салудан бас тарту; егер кәсіпкерлердің мемлекетке немесе басқа тұлғаларға залалы тимеген болса, кәсіпкерлер үшін айыппұлдарды жою;

● кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін шенеуніктердің жауапкершілігін күшейту;

● басым салалар үшін (ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау саласы) төмендетілген қосымша құн салығының мөлшерлемесін енгізу; немесеқосымша құн салығын каскадсыз әдіспен алынатын сату салығына ауыстыру;

● мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, олардың ашықтығын қамтамасыз ету, пара беру мүмкіндігін болдырмау;

● Отандық компаниялардың ішкі нарықтағы басымдығын қамтамасыз ету;

● ұлттық компаниялардың және даму институттарының қызметіне парламенттік мониторинг енгізу, олардың мемлекеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету.

o        Шекаралық және салықтық тәртіпті қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара әрекеттестігін цифрландыру жүйесіне көшіру; айла-амал мен бопсалаушылықты жою.

Мемлекет өздігінен табыс тауып, бюджетке салық төлеп, басқаларға жұмыс беретіндерді қолдауға міндетті!

2. ҰЛТТЫҚ  ТӘУЕЛСІЗДІК

Әрқайсысымыз үшін Қазақ Республикасының Тәуелсіздігі мен оның ұлттық мүдделерінің сақталуы – басты құндылық.

Тәуелсіздік жолында құрбан болмайтұғын еш нәрсе жоқ – бұл заманауи Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. Өз кезегінде «Алаш» көшбасшысы Әлихан Бөкейхан «Мемлекеттілігі жоқ халық – жетім халық» деп атап өткен.

Сол себепті Қазақ Республикасының Тәуелсіздігін қамтамасыз ету және оның ұлттық мүдделерін қорғау міндетіміз. Тәуелсіздік – құр бос сөз емес. Бұл – біздің еліміз, жеріміз, бабаларымыздан қалған мұра, бұл – мемлекеттік тіл, бұл – біздің көпұлтты халқымыздың бірлігі.

● Тәуелсіздік, жер тұтастығы мен ұлттық бірегейлік те - әрбір адамның құқықтары және бостандықтарымен қатар тұратын Республиканың басты құндылықтары.

● Тәуелсіздіктің маңызды жетістігі – біздің елде өмір сүретін барлық этностардың тілі мен мәдениетіне деген өзара сыйластығы; азаматтардың тең құқықтары мен ұлттық сезімдеріне құрмет.

● Мен ұлтымыздың тарихы, мемлекеттік тілі мен ұлт мәдениетіне, сол сияқты басқа этностардың мәдениеті мен тілдеріне деген сыйластықты қолдаймын;

● «Ақ жол» партиясы Республикамыздағы географиялық нысандардың, көшелер мен елді мекендердің атауларындағы тарихи әділдікті қалпына келтіру, де-советизация және де-коммунизация бойынша жұмысын жалғастырады.

● Конституцияның негізгі баптары, мемлекеттік тіл және Қазақстан тарихы емтиханын тапсырған соң ғана ҚР азаматтығын беруді заңды түрде бекіту.

● Қазақстан халықтарының дәстүрлі діндерін қолдау және оны бөтен секталар мен теріс ағымдардан қорғау.

3. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ДЕ- ОФФШОРИЗАЦИЯ

Қоғамды алаңдатып, билікке наразылық туғызатын негізгі проблемалардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімсіздігі, сот және құқық қорғау органдарына сенімсіздік. 

Бұл проблеманы шешу үшін «Ақ жол» партиясы:

● әр қазақстандықтың меншігі мен жеке бизнесін жемқорлар және олардың сыбайластарынан қорғауды;

● басшылардан олардың қызметкерлерінің жемқорлығы үшін жауапкершілік талап етуді;

● азаматтардың билік өкілдеріне қарсы шағымдарының әділ және жария қарастырылуын;

● әшкере болған жемқорлардың жүріп-тұруын, шетелге шығу және меншігін басқаруқұқығының заңнамалық шектелуін;

● соттың шынайы тәуелсіздігін, олардың жұмыстан тыс уақыты мен зейнетке шығуынан кейінгі жеке қауіпсіздігі мен жоғары әлеуметтік қорғалуын;

● барлық ашық сот отырыстарының Интернет бойынша трансляциялануын;

● сыбайлас жемқорлық фактісі туралы мәлімдеген жағдайда, бопсалаушылық құрбанын жауапкершіліктен босатуын талап етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің маңызды құралы – билік іс-әрекетінің жариялылығы мен оның қоғам алдындағы есеп беруге міндеттілігі болмақ. «Ақ жол» партиясы «Ақ жол» партиясы журналистердің әшкере материалдары үшін қудаланудан қорғалуынқолдайды. Баспасөздың аузына құлып салуға болмайды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыты, сондай-ақ, оффшорлық аймақтар мен шетелдік банктерден миллиардтаған қаражатты Қазақстанға қайтару болмақ. Бұлқаражат қара ниетті жемқорлар мен алаяқтардын халықтан ұрлаған ақшасы.

Халықаралық сарапшылардың есебінше, жемқорлар мемлекетімізден заңсыз түрде 160 млрд-тан астам ақша шығарған. Бұл ақшалардың ұрланып, Қазақстаннан кетуі себепті елдегі кейбір азаматтар жұмыс таба алмай жүр.

«Ақ жол» партиясы шенеуніктердің оффшорлық шоты туралы банктік құпияның алынып тасталып, өздері қайдан алғанын түсіндіре алмайтын ақшаның анықталуын және қайтарылуын талап етеді.

Бұл талаптың заң аясында жұмыс істейтін адал кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға қатысы жоқ.

***

Құрметті отандастар!

Мен бұл сайлауға халқыма және Отаныма адал қызмет ету үшін қатысып жатырмын.

Өмірді дәл осында, дәл қазір өзгертпей, жақсарта алмаймыз.

Мен осындай өзгерістердің уақыты келді деп есептеймін.

Ақ жол, Қазақстан!