23 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Қарағанды облыстық филиалы
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты Айгүл Жұмабаева филиал төрағасы - облыстық мәслихат депутаты Ермек Әбілдинмен, Шахтинск қаласының мәслихат депутаттары Рүстем Тұңғатов пен Тимур Шәкеновпен бірге Абай ауданының Топар ауылына барды. Кездесуге осы кенттің әкімдігіне кандидат Нұрбек Құнанбаев қатысты.
«Ақжолдықтармен» кездесуге Қытайдан келген қандас бауырлар жиналды. Кентте көп санды және белсенді диаспора тұрады. Олардың көпшілігінің азаматтығы, Қазақстанда үлкен жұмыс өтілі бар. Кездесудің басты мәселесі - зейнетақымен қамсыздандыру. Олардың зейнетақысы 17-20 мың теңгені құрайды, бұл тіпті ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен. Зейнеткерлікке шыққан кезде оларға тек қазақстандық жұмыс өтілі есептеледі. Олар Қытайдағы жұмыс тәжірибесін әртүрлі себептермен растай алмайды: еңбек кітапшалары ҚХР-да қолданылмайды, олардың ресми сұрауларына қанағаттанарлық жауап берілген жоқ.
Сонымен қатар, салынған тұрғын үйді ресімдеу, туыстық отбасылардың бірігуіне байланысты көші-қон қызметтері мәселелері көтерілді. Барлық айтылған сұрақтар «Ақ жол» депутаттары, сондай-ақ әкім лауазымына кандидаттың бақылауына алынды.
Белсенді азаматтық ұстанымы үшін диаспора жетекшісі Сман Кинуар «Қазақ Республикасына 100 жыл» медалімен марапатталды.