20
Сәуір

«Қанды қаңтардан» сабақ алмаған кейбір шенеуніктердің ескі әдістері мен ескі тәбеттерін жиі көріп жүрміз - «Ақ жол» бюджеттің тиімсіз шығыстарын қысқарту туралы

20 сәуір 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Бүгін Мәжілістің пленарлы отырысында республикалық бюджетті нақтылау барысында «қанды қаңтардан» сабақ алмаған кейбір шенеуніктердің ескі әдістері мен ескі тәбеттерін жиі көріп жүрміз», - деді Азат Перуашев.

Мәселен, ұсынылған құжатқа сай бюджет шығындарының өсімін мемлекеттік қарызды ұлғайту мен Ұлттық қордан трансферт жасау арқылы өтеу көзделген.

Сыртқы қарызды 1 триллион 626 миллиардқа ұлғайту ұсынылып отыр. Ал Ұлттық қордан аударылатын трансферттерді бірден 68%-ға (4 трлн 030 млрд теңгеге дейін) арттыруды көздейді.

Осыған байланысты А.Перуашев бюджеттің тиімсіз шығыстарын қысқарту қажеттігін атап өтті.

Қазірдің өзінде «қанды қаңтардан» сабақ алмаған кейбір шенеуніктердің ескі әдістері мен ескі тәбеттерін жиі көріп жүрміз.

Мәселен, Миялы ауылында 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру бекетінің құрылысына 584 млн.теңге жоспарлануда, яғни. бір миллион үш жүз мың доллар.

Миллион долларға екі көлікке арналған боксты ғана емес, жарты ауылды сатып ала алуға болады.

Бірақ есеп-қисаптарды негіздеуді сұрасақ, олар бізге жобалық-сметалық құжаттамада барлығы келісілген, сараптама да бекітілген деп жауап береді.

Бұл жауап емес. Біз өз мүдделеріне сай жасалаған ЖСҚ мен экспертизаларды көп көрдік. Мәселен, «Ақ жол» фракциясының ЛРТ жобасындағы ұрлық фактілерін тергеу жағдайы туралы сауалына құқық қорғау органдары бюджеттен миллиардтарды ұрлау мүмкіндігі бастапқыда консультациялар бағасын көтеру, ЖСҚ әзірлеу жұмыстарды жасау үшін жоғарылатын көрсетілген бағалар салдарынан арын алған деп жауап берді.

Бұл байламның қалай жұмыс істейтінін бәрі бұрыннан біледі: тапсырыс беруші-жобалаушы-мердігер, олардың әрқайсысы жобаның құнын «көбейтуге» мүдделі, – деді ол және басқа да күмәнді шығындарды мысалға келтірді.

Мәселен, жоғары жетістіктер спортына, яғни кәсіби спортшыларға 81 млрд теңге бөлу ұсынылған.

Бұл ретте бұқаралық спортқа 1 миллиард 370 миллион теңге ғана қарастырылған.

Яғни, шетелдік легионерлерге өз балаларымыздан 80 есе көп бөлеміз.

Мемлекеттік спорт тапсырысын (балалар секцияларын) жан басына шаққандағы қаржыландыру қаражаты – 8 облыста екі айда бітуі кездейсоқ емес.

«Біз үшін артынан масқара боп айырылып қалатын жалған медальдер маңызды ма, әлде, жаппай бұқаралық спортпен шұғылданатын салауатты ұлты маңызды ма?», - деп атап өтті депутат және басымдықтарды дұрыс анықтауға шақырды.

«Ақ жол» фракциясының көзқарасы бойынша, миллиондаған ұл-қыздар спортпен шұғылданса, Олимпиада алтыны ешқайда кетпейді.

«Тағы бір жайт: көптеген министрліктер түрлі зерттеулер мен консультацияларға ақша жұмсаудан бас тартуда. Бұл дұрыс, өйткені саладағы жағдайды талдау және түсіну министрліктердің өздері мен олардың қызметкерлерінің тікелей міндеті. Әйтпесе, олар не үшін тағайындалды?

Бірақ Цифрлық даму министрлігі кенеттен консалтингке 953 миллион, ал Ұлттық экономика министрлігі тіпті 1,5 миллиард жұмсауға шешім қабылдады», - деп қосты «Ақ жол» көшбасшысы.