20 мамыр 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Тарихы тереңде жатқан М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде, ұлы
ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы мен “Оратор” пікірсайыс клубының
22 жылдығына арналған дәстүрлі “Quryltai CUP II” пікірсайыс турнирі жоғары
деңгейде өтті.
Аталған турнирге “Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалының жастар
кеңесінің белсенді мүшелері қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
Жастар финалының финалисті – Нугумар Құндыз
Негізгі алаң финалистері – Рымқұлов Асылжан мен Акабай Мадина
Негізгі алаң жеңімпаздары атанды!
Бұл жетістіктер – жастардың терең білімі мен шешендік шеберлігінің жемісі.
Пікірсайыс арқылы тұлғалық даму мен белсенді азаматтық көзқарас қалыптастыру – жастар
кеңесінің басты мақсаты.
Құттықтаймыз! Жаңа белестерге бірге!