23
Шілде

Құрылысшылар «Ақ жол» депутаттарына құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты проблемалар мен шығындар туралы айтып берді

23 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Қарағанды облыстық филиалы

Құрылысшылар «Ақ жол» депутаттарына құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты проблемалар мен шығындар туралы айтып берді. Мәжіліс депутаты Айгүл Жұмабаева, филиал төрағасы - облыстық мәслихат депутаты Ермек Әбілдин, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Тимур Нұрғожин, Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттары Рүстем Тұңғатов пен Тимур Шәкенов сайлаушылармен кездесу аясында облыстың қалалары мен кенттерінде салынып жатқан нысандарды аралады.

Кәсіпкерлер үлкен шығындарға ұшырап, өздеріне пайда келтірмейтіндей жұмыс істеуге мәжбүр екендіктерін айтады.

Саран қаласында «Аспап» өндірістік кооперативі осы себепті спорт залының құрылысын аяқтай алмайды. Абай. Негізгі жұмыстар аяқталды, әрлеу жұмыстары қалды, алайда металдың күрт қымбаттауына байланысты қаражат қалмады. Бұдан басқа, жобаны іске асыру кезінде мектеп Қарағанды білім басқармасына берілді, енді бюджетті қайта қарау мәселелерін тендерлік байқау өткізген Саран билігі шешпейді.

Осы қалада «ақжолдықтар» «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ККК ЛТД» ЖШС іске асырып жатқан құрылысы аяқталмаған ТК-ны аралады. Мұнда да сол себеп - металдың, цементтің күрт қымбаттауы. Осыған қарамастан, бетон конструкцияларының өзіндік өндірісі бар ЖШС әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде бір үйді аяқтауға дайын, алайда екінші үй бойынша шарттардың сомасын қайта қарау қажет.

Абай қаласында депутаттар осы ЖШС аяқтаған тұрғын үйге барды. Ол қоныстануға дайын, бірақ кәсіпорын тапсырыс беруші – ЖАО-ның 100 млн теңгені толық төлемеуіне байланысты оны пайдалануға бермейді. Бұл ретте тұрғын үй кешені кезекте тұрғандарға, оның ішінде мүгедектерге, көп балалы отбасыларға арналғанын атап өтеміз.

Шахтинск қаласында «Ақ жол» депутаттар автовокзалдың қайта құру барысымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар бизнестің аталған проблемаларын шешу үшін барлық күш-жігерлерін жұмсайтындарын айтты, айтылған мәселелер түрлі деңгейдегі депутаттардың жұмысы барысында қаралатын болады.