02
Желтоқсан

«Әр қазақ менің - жалғызым» дәстүрлі фотобайқауының қорытындысы 2023 жылдың қаңтар айында жарияланады

2 желтоқсан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Қазақстанның әсем табиғатын, қарапайым еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігі мен келбетін, қазақ тарихының маңызды оқиғаларын, Алаш ұстанымын насихаттауды фотосурет арқылы ашып жүрген кәсіби және әуесқой фотографтарға арналған жыл сайын өткізілетін «Әр қазақ менің - жалғызым» дәстүрлі фотобайқауының қорытындысы 2023 жылдың қаңтар айында жарияланады.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

Әрбір қатысушының байқауға жіберген жұмысы 5 (бес) суреттен кем және артық болмауы тиіс.

Бір автор тарапынан байқауға ұсынылған 5 (бес) сурет жанры, тақырыптық си­паты және мазмұны жағынан әртүрлі болуы шарт. Жұмыстарға дауыс беру кезеңі 21 қарашада аяқталды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған 20 (жиырма) жұмыс байқау комиссиясының бағалауына жіберіледі. Байқаудың жеңімпаздарын тәуелсіз кәсіби сарапшылардан тұратын қазылар алқасы анықтайды.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 602-673, электронды пошта: press-akzhol@mail.ru