12
Ақпан

«Әр қазақ - менің жалғызым» дәстүрлі фотобайқауының жеңімпаздары анықталды

12 ақпан 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі


Бүгін Астана қаласында «Ақ жол» Демократиялық партиясы ұйымдастырған «Әр қазақ менің - жалғызым» дәстүрлі фотобайқауы қорытындыланды.

Биылғы байқауға барлығы 31 автордан 160-қа тарта жұмыс келіп түскен. Жұмыстарды саралаған комиссия құрамында қазақ баспасөзінің мэтрі Қайнар Олжай, фотожурналистер Мақсат Әділханов пен Ерлан Омаров секілді белгілі сала мамандары болды.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімінде «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Азат Перуашев барлық қатысушыларды құттықтап, байқаудың маңыздылығы туралы толғамды пікірін жеткізді.

- Фотобайқаудың атауындағы “Әр қазақ” сөзі жалғыз ұлтқа тиеслі сөз емес, өзін Қазақстанның бір мүшесімін деп есептейтін әрбір азаматқа тікелей айтылатын сөз. Себебі, әлемге танымал Геннадий Головкинді қазақтың боксшысы деп біледі. Теннисші Елена Рыбакинаны да бүкіл әлем қазақ теннисшісі деп танып отыр. Байқауымыздың атауы да сол үшін “Әр қазақ - менің жалғызым!”. Әрине бұл ұлтшылдық, бірақ өркениетті ұлтшылдық. Себебі, әр мемлекетке жігер беретін - ұлттық сезімі, ұлттық рухы, бірегейлігі.  Ұлттық сезімі, ұлттық ұстанымы - әр мемлекеттің  тірегі. Өйткені ұлттық сезімі жоқ, сенімі жоқ ел тұрақты бола алмайды. Сол үшін партиямыздың ұстанымына сай келетін байқау бүгін өз деңгейінде өтіп жатыр. Әлі де болашағы бар, кеңейетін бастама деп санаймыз, - деді Азат Перуашев.

Шара аясында журналист Қайнар Олжай байқауға түскен жұмыстар жөнінде өз ойын білдіріп, еліміздің түкпір-түкпірінен жіберілген фотолар әр алуан тақырыптарды қамтыған жоғары деңгейдегі туындылар екендігін атап өтті. 

Салтанатты марапаттау рәсіміне «Ақ жол» фракциясының депутаттары қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  естелік дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


«Әр қазақ менің – жалғызым» дәстүрлі фотобайқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Кәсіби фотографтар арасында:

1-орын

Ернар Алмабек 

«Жуа сатқан бала» фотосы үшін


2-орын 

Бақытжан Жұмағалиұлы 

«Волейбол» фотосы үшін


3-орын

Максим Стадниченко

«Білімдінің алды жарық» фотосы үшін

 

Әуесқой фототілшілер арасында

1-орын

Алдияр Шонаев

«Қайық» фотосы үшін


2-орын

Динара Кемелхан

«Алжир» фотосы үшін


3-орын 

Арман Абылқасымов

«Қаладағы қазақ жастары» фотосы үшін


Арнайы жүлде:

«Өндірісті өлке» номинациясы бойынша

Мейірбек Тәжқұранов

«Еңбек адамы» фотосы үшін


«Өмір өрнегі» номинациясы бойынша

Гауһар Абдураимова

«Бақыт» фотосы үшін


«Бақытты балдәурен» номинациясы бойынша

Анатолий Пырлик

«Шашасына шаң жұқпас шабандоздар» фотосы үшін


«Дала дидары» номинациясы бойынша

Светлана Артюшина

«Балбал» фотосы үшін