08
Қантар

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ А. САДЫҚОВ БҚО-да ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

4 қантар 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы

Бірінші болып «Ақжолдық»  депутат Теректі ауданына ат басын тіреді.  Онда ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша төмен пайызбен несие алып,  ауылда көлік жөндеу сервисін ашқан кәсіпкермен кездесті.  Асқар Аманбайұлы кәсіпкердің сұрақтарына жауап беріп,  ұсыныстарын тыңдады. 

Бұдан кейін депутат аудандағы коворкинг орталығында жастармен кездесіп,  олардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар шараға мәжіліс депутаты Снежана Имашева, аудан әкімі Әлия Биғазықызы қатысты. «Жаңа қазақстанның жастары көзі ашық,  көкірегі ояу,  кәсіпті меңгерген,  Отаншыл болуы керек»  деп сөзін түйіндеді кездесуде «Ақжолдық»  депутат.