9 қантар 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Сауран ауданында жаңадан ашылған “Авиценна” емхана-ауруханасына барды. Нысан толығымен заманауи техникалармен жабдықталған, тегін дәрілер беретін дәріханасы, ота жасайтын бөлмесі, қабылдау бөлмесі, асханасы, жедел жәрдем көрсетуге арналған көлігі де бар.
Бұл медициналық нысанға қазіргі таңда 7400 адам тіркелген. Ауруханада бір уақытта 103 адам жатып, ем ала алады. Ал емханада күніне 150-200 адамға ем-дом шаралары жасалады.
Мұнда бас-аяғы 50-ден астам ақ халатты абзал жан жұмыс істейді. Ең төменгі жалақы 200 мың теңге.
Ескі Ихан ауылында 20 000 халық бар. Бұл емхана болашақта, ем алушылардың қатарын көбейтін, сапалы медициналық көмек беруді жоспарлап отыр.
ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса нысанды толығымен аралап шығып, осындай емхана
әрбір ауылда болу керектігін жеткізді. “Авиценна” емхана-ауруханасының басшысы
Адылбек Усманқұловтың ісіне сәттілік тілеп, денсаулық саласына қатысты мәселер
болса, бірлесіп шешуге шақырды.