05
Қантар

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Шардара қаласының тұрғындарымен кездесті

5 қантар 2024 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Түркістан облыстық филиалы

Кездесудің бірі М. Әуезов атындағы  орта мектепте, екіншісі қалалық әкімдік ғимаратында өтті.

Білім ошағында Қазыбек Иса партияның  атқарған жұмыстарына тоқталып өтті.  Жиналған халық офшордағы ақшаны қайтару, қаңтар оқиғасында жазықсыз жабылғандар, трилиондар бөлінсе де, таза су мәселелесінің шешілмеуі, жемқорлық, қандастардың құжат жинауы аясында  сөз қозғады.  Бұдан бөлек, Президеттің мақаласына қатысты да өз пікірін ортаға салды.

“Қандастарымыз өз еліне келетін болса, 46 құжат жинау керек екен. Бір құжатты жинап бастаса, екіншісі жарамсыз бола бастайтын. Біз бұл мәселенің шешілуіне атсалыстық. Қазір заң қабылданып жатыр. Қазақ деген анықтаманы жергілікті өкілеттік орган беретін болды”,- дейді Қазыбек Иса.

Ал, қалалық әкімдік ғимаратында өткен жиында аудан тұрғындары күрмеуі шешілмеген бірталай мәселені  ортаға салды. Әсіресе,  мақта заңын енгізуді, ауыз су, ағын су мәселесінің шешілуін, үйлерге газды жеткізуді сұрады.

“Таза су - денсаулық кепілі. Мына жиналған халық сол Тама Тастанбектегі суды жеткізуді сұрайды. Жан жақтан сұрастырып жатырмыз. 16 млн бөлінген дейді, бірақ қағаз жүзінде екен. Сол таза судың Шардаралықтардың үйіне жетуіне атсалыс, айналайын”,- дейді қала тұрғыны Танысбай Сахов.

Бұл мәселе бойынша Қайрат Балабиевпен бірге Үкіметке хат жазғанын мәлімдеді. Дәл қазіргі жағдайын көріп, біліп кетесек, ары қарай бұл мәселені бақылауда ұстап отыратынын жеткізді Қазыбек Иса.

Бұдан бөлек, басқосуда шыбын-шіркейді азайту, газ жеткізу мәселелерін де тұрғындар ортаға салды. Ең маңызды сауал шардаралықтар  мақта заңын бекітуді талап етіп отыр.

“Түркістан облысы бойынша 32 000 шаруашылық мақта егумен айналысады. Бас-аяғы 80 000 шаруашылық бар. 1 млн халық мемлекеттен айлық алмайды, диханшылықпен айналысады. Пенсионный мен налог  құяды. Мемлекеттен бөлінген қаржылар, халықтың қолына толық жетпей жатыр. Осы мәселені шешу үшін Астанаға алты рет бардым. Қаншама министрдің алдына кірдім. Бірақ, шешімін таппай жатыр. Мақтанының заңын орнатуға көмек берсеңіз. Түркістан облысы бойынша 110 мың гектар жерге мақта егіледі. 77 млр. ақша бөлінеді, соның 35 млр-ды ғана қолы жетіп отыр. Қалғанын билік басындағылар жымқырып отыр”,- дейді мақташылар мен диханшылар одағының төрағасы Жора Бейсен.

Жиын соңында Қазыбек Иса жеке қабылдау өткізіп, көпшіліктің  ұсыныс тілектерін тыңдады. Ұсыныстардың болашақта қадағаланатынын жеткізді.