Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төраға орынбасары Дәния Еспаева және Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысының әкімімен кездесті.

Кездесу барысында өңірдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижелері талқыланды. Атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысына тоқталынды.
Сонымен қатар, инвестициялар тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Өңірге отандық және шетелдік инвестициялар тарту, жаңа өндірістер ашу, жұмыс орындарын құру және инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Дәния Еспаева Парламент тарапынан өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларға заңнамалық қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті. Ал Қазыбек Әлішев өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың әлеуметтік-экономикалық маңызын атап өтті.
Кездесу
қорытындысы бойынша тараптар бірқатар ұсыныстарды пысықтап, 2026 жылға арналған
басым бағыттарды айқындады.