14 наурыз 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
2025 жылдың 7-ші қаңтарында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық округі Айнатас елдімекенінде
қайғылы оқиға орын алып, бір отбасының отағасы мен екі баласы қаза тауып, жанұя
мүшелері ауыр қайғыға душар болған еді.
Сол отбасыға ауыл-аймақ, ел болып бірігіп, қаржылай көмек жиналды.
Нәтижесінде, 10 500 000 теңге көлеміндегі несиесі жабылып, қалған 8 000 000
теңгесіне «ASAR UME» қайырымдылық қоры арқылы тағы 10 000 000 теңге қосылып,
бүгін сол отбасыға 18 млн теңгеге қаланың қақ ортасынан екі бөлмелі пәтер сатып
алынды.
Айта кетейік, табиғи газдың жарылысы салдарынан қайғылы жағдай орын алған.
Марқұмның артында жары мен 1 ұл, 2 қызы
жетім қалды.
Қайырымдылық қор мен тұрғындардың жинаған қаражатына мұрындық болып,
қайғыға душар болған отбасыға баспаналы болуына Қазығұрт аудандық мәслихат
депутаты Айбек Мықтыбайұлы көмек қолын созды.
Рамазан айында жасаған барлық игі амалдар мен тілеген дұғалар қабыл болсын.
Алла Тағала қайырымдылық жасаған барша жанға мол сауаптан жазсын.