12 қыркүйек 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттары
Раушан Жәлімбетова мен Әсем Ілиясова жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі
«Мектепке жол» акциясына белсене атсалысты.
Депутаттар көпбалалы отбасыдан шыққан үш оқушыға мектеп формасы, аяқ киім
және қажетті оқу құралдарын тарту етіп, балалардың қуанышына ортақтасты.
Игі шараның басты мақсаты — әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы отбасыларға
қолдау көрсету, балалардың білім алуына жағдай жасау және оларды мектепке
дайындау.
Депутаттар өз сөздерінде бұл бастама партияның әлеуметтік жауапкершілік
қағидаттарына сай жүзеге асып жатқанын атап өтіп, балаларға сәтті оқу жылын
тіледі.