30
Наурыз

Өңірдегі жағдайды бақылау үшін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Асқар Садықов әріптестерімен бірге Қобда ауданына келді

30 наурыз 2024 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалы

Өңірімізде соңғы күндері қар сулары күрт еруіне байланысты облыс аумағындағы 12 ауданның Қарғалыдан өзгесі түгел зардап шекті. Әсіресе Қобда ауданындағы ахуал қиын. 237 үй суға кетіп,100-ден аса отбасын жергілікті билік қауіпсіз жерге орналастырған.

Өңірдегі жағдайды бақылау үшін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Асқар Садықов әріптестерімен бірге Қобда ауданына келді.

Мәжілісмен, ең алдымен, ауылдағы ахуалмен танысып, суға кеткен аймақты назарға алды. Одан әрі, тілсіз жаудан зардап шеккен ауыл тұрғындарымен кездесіп, сабырға шақырды.