17 қыркүйек 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
АЭС салуды қолдау бойынша облыстық халықтық штаб мүшесі, Жамбыл облыстық
мәслихатына «Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Дәурен Ахметжаев «Жамбыл Рем
Сервис» АҚ-ның өндіріс алаңында жұмысшылармен кездесу өткізді.
Ақжолдық депутат кездесуде Халықтық штабтың басты мақсаты – АЭС құрылысының
қаншалықты маңызды екенін түсіндіру екенін атап өтті. Энергетикалық тәуелсіздік
– еліміз үшін ең күрделі мәселелердің біріне айналғанына тоқталды.
Бұдан соң Дәурен Ахметжаев бастаған штаб мүшелері Жамбыл облыстық жедел
жәрдем станциясы мекемесінің АКТ залында медицина қызметкерлерімен жүздесті.
Кездесуде алдағы 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызы
туралы айтылды.
Сондай-ақ облыстық халықтық штаб мүшелері
“Шипажай” сауықтыру орталығының қызметкерлерімен де кездесу
өткізді.