28
Қазан

Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері «Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясының ұжымымен кездесті

https://t.me/toqaev2022/339


Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Жезқазған қаласында «Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясының ұжымымен кездесті. 



Тігін цехының ұжымымен кездесуде Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев, «АMANAT» партиясының Хатшысы Ринат Кертаев, Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Бану Нұрғазиев, сондай-ақ, Ұлытау облыстық «Жастар Рухы» ЖҚ-ның төрағасы Нұргүл Талғатбекова сөз алды.


Жиын барысында РҚШ мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде әйелдердің зейнет жасын төмендету, жастарға жеңілдетілген несие беру секілді маңызды бастамаларға тоқталды.



Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясының қызметкері, тәжірибелік цехтің оператор-тігіншісі Зейнегүл Серікбаева кандидаттың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытын қолдайтынын жеткізіп, алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс  беруге шақырды.