ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері «KamaTyresKZ» ЖШС шина зауытының қызметімен танысты.
Жиынға Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев және «AMANAT»партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев қатысты.
Жыл соңына дейін KamaTyresKZ шина зауытын пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта кәсіпорын жеңіл автомобильдер мен жүк көліктеріне арналған шиналар шығарумен айналысады. Жобаның екінші кезеңінде транспортерлер, конвейер таспалары және сол сияқты резеңке бұйымдар, ал үшінші кезеңде ауыл шаруашылық техникасына арналған шиналар шығарыла бастайды деп жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаты жылына 3,5 миллион шинаны құрайды.
Кездесу барысында «KamaTyres KZ» ЖШС-нің жұмысшысы Ақылбек Имамағзам Қ.Тоқаевпен Нижнекамск қаласында өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген кезде кездескенін айтты.
«Мен осы зауытта жұмыс істеймін. Әріптестеріммен Нижнекамскіде өндірістік
тәжірибеден өтіп, дөңгелек жасау технологиясының барлық қыр-сырын үйрендік. Сол
кезде Президентпен кездескенбіз. Сонда
Қасым-Жомарт Кемелұлы тың тәжірибені меңгеріп, отандық өндірістің дамуына үлес
қосуға шақырған. Міне, оқыған-тоқығанымызды саланың дамуына, жұмсауға әзірміз.
Мен елдегі дөңгелек өнеркәсібінің бастауында тұрғанымды мақтан тұтамын. Жақында
осы зауытта бүкіл елге танымал әлемдік стандартқа сай алғашқы дөңгелекті
шығарамыз. Саран сияқты моноқалаларда өндірістер қажет деп санаймын. Саран
қаласының тұрғындары Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылықтарын білдіруде. Біз алдағы
сайлауда Қасым Жомарт Кемелұлын қолдаймыз» - деді ол өз сөзінде.