13
Шілде

Риддер қаласында республикалық ұлттық ойындар өтті

13 шілде 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Риддер қаласында алғаш рет өткен республикалық "Ата-мұра" ұлттық ойындарына еліміздің түкпір-түкпірінен делегациялар жиналды. Іс-шараға "Ақ жол" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қажұмхан Қайырденов қатысып, ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін маңызды мәдени оқиғаға қолдау білдірді.

Жарыс бағдарламасына қазақ халқының дәстүрлі спорт түрлері – қыз қуу, топ бәйге, аударыспақ, шырға тарту, арқан тарту мен қазақша күрес енгізілді.

Ұлттық ойындарға Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Жетісу, Алматы, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы, Өскемен, Алтай, Талдықорған мен Көкшетау қалаларының өкілдері қатысты.

Бағдарлама аясында жаппай жүгіру және кешкі концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

"Ата-мұра" ойындарының мақсаты – ұлттық мұраларды жаңғырту, өңіраралық мәдени байланысты күшейту және жастар арасында патриоттық сана қалыптастыру.

"Ақ жол" партиясы осындай шаралардың ел бірлігін нығайтудағы, дәстүр мен тарихты бағалаудағы маңызын жоғары бағалайды.