23
Маусым

Ұрланған байлықтың артынан қуу...

Қоғамда заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасы мен жобаны талқылау барысындағы «Ақ жол» демпартиясының ұсыныстары қызу талқыланып жатқандықтан, Мәжілістегі аталмыш құжатқа қатысты жұмыстың бірқатар тұстары жөнінде айта кетейін деп шештім.

Заң жобасының бірінші оқылымы маусымның 7 күні өтіп, бір аптадан соң, маусымның 14 күні Мәжіліс бұл құжатты екінші оқылымда қабылдап, Сенатқа жолдағаны белгілі. Мұндай жылдам қарқынның себебі - заңды қос палатаның осы сессияда қабылдап үлгеруі керектігі, ал, оның аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Сонда мемлекеттің «деофшоризация» тетігін бірден, күзге қалдырмай қосу мүмкіндігі пайда болады. Қоғамның үміт-сенімі мен сыртқы жағдайлар осыны талап етеді: Ұлыбританияның (ұқсас заңды алты жыл бұрын алғаш қабылданған) үлгісін жекелеген елдер ғана емес, тұтас Еуроодақ та басшылыққа алды. Еуропарламент осы тектес дерективаны (б.ж. 22 мамырында жұмысқа алынды) қабылдаған жағдайда, кез-келген еуропалық реципиент-мемлекеттер жемқорлардың Қазақстаннан ұрлаған миллиардтарды біздің органдардың сұрау салуы немесе бұл қаржының заңсыздығын растауды күтпестен өз пайдасына ұстап қала алады. Яғни, пост-кеңестік олигархтардың миллиардтары үшін жаһандық «Үлкен қуғын» басталуда. 2013 жылы Кипр Республикасының билігі Еуродақтың талабы бойынша шетелдік азаматтар мен компаниялардың сомасы 100 мың еуродан асатын шоттарын тәркілеген кездегі жағдай қайталануда. Дәл сол кезде Парламенттегі «Ақ жол» фракциясы бұл қаражаттың өзге елдерге сый ретінде қалмай, Қазақстан халқына қайтарылуы үшін деофшоризация мәселесін алғаш көтерген еді. Біз «Панама тізімі», «Жұмақ ісі», Швейцарияда 82 қазақстандықтың банк шоттарының анықталуы және т.б. қатысты жанжалдар бойынша Үкімет, прокуратура мен Антикорға осы жылдар аралығында үздіксіз сауал жолдап келдік. Енді бұл жағдай жаһандық деңгейде қайталанып отыр. 

Өкінішке орай, біздің ебедейсіз мемлекеттік машинаның он жылы осы мәселенің өзектілігін түсіну мен алғашқы нақты қадамдар жасуына кетті, оның өзінде бұл президент Қ. Тоқаевтың тікелей тапсырмасының нәтижесі.

Дегенмен, Бас прокуратура, ҚМА, Антикор мен Әділет министрлігінің жуырдағы нәтижелері көрсеткендей, ұрланған миллиардтардың тым болмағанда бір бөлігін елге қайтару мүмкіндігі бар. Бірақ, уақыт өте тығыз, сондықтан, заң қабылдау ісіндегі асығыстықтың себебі түсінікті әрі дұрыс. 

Бұл Мәжілістегі жобаны талқылаудың артқы фонында тұрған жалпы картина іспетті. Қалай болғанда да, біз «Ақ жол» фракциясының пікірінше, қайта әзірлеуді талап ететін заң жобасының кейбір тұтастарын мейлінше түзетуге тырыстық. Еске сала кетейін, бірінші оқылым кезінде фракция атынан сөз сөйлей отырып, заң жобасын қолдаумен қатар, мен мына жағдайларға әріптестердің назарын аударған болатынмын. 

- Бірінші – заңсыз капиталдарды анықтаудағы 100 млн доллардан басталатын тым көтеріліп жіберген шегі. Біз оны әлдеқайда ойға қонымды межеге дейін түсіруді ұсындық. 

- Екінші – заң жобасын әзірлеушілердің 100 және одан да көп миллион долларды заңсыз иемденген тұлғаларға қатысты біртүрлі рақымшылығы, «азаматтық тәркілеу», яғни, бұл капиталдардың бір бөлігін мемлекетке өз еркімен беруге кім келіседі? Мұндай жағдайда «түсіну және кешіру» қағидаты бойынша олигархтарға қатысты талаптар жойылуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлық қылмыс болып жалпы сомасы 150 мың доллардан асатын заңбұзушылықтар саналатынын қарастыратын Қылмыстық кодекске (189, 234, 365) сілтеме жасауға тура келді. Және мұндай қылмыстар үшін (яғни, 700 есе аз) 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру мен мүлкін тәркілеу көзделген. 

Өз байлығының бір бөлігін қайтаруды ұйғарып, сол арқылы жіті тексеруден құтылып шығатын 100 не одан да көп миллион доллар қожайындарының бұл миллиондарды шынымен «адал еңбекпен» тапқанына кім кепілдік береді? Олардың арасында мемлекет қаржысын жымқырғандар, ақша бопсалағандар немесе қарақшылық шабуылдар, қоқан-лоққы, ұрып-соғу, тіпті, кісі өлтіру арқылы біреудің кәсібін тартып алғандар болмай шығуы мүмкін бе?

Негізінде, бүгінде кез келген арыз бойынша сотқа дейінгі өндіріс қозғалады. Біз біреулерді «заңнан артық» санап, прецендент жасамауды сұрап, түсініксіз байлықтың (бұл заңның объектісі болып табылады) шығу тегі рейдерлікпен, бопсалаумен немесе мемлекет қаражатын жымқырумен байланысты болса – мұндай жағдайлардың барлығында қылмыстық іс қозғап, толық тергеу жүргізуді ұсындық.

- Үшінші – «Ақ жол» фракциясы аталмыш заң аясына түсетін тұлғалар реестрін қалыптастыру үшін прокуратура жанынан консультативтік-кеңестік қолдан жасалған үкіметтік орган жасау арқылы «жаңалық» ашудың қажет еместігін айтты. Барлық демократиялық елдерде бұл функциялар парламенттік тергеу комиссиясына жүктелген, онда басты рөлді шенеуніктер емес, қоғам өкілдері атқарады, бұл анықталған фактілерге тек құқықтық ғана емес, сонымен бірге, саяси баға беріп, қоғамдық маңызы артады. 

Осы орайда, біз Мәжіліске парламенттік тергеу өткізу құқығын беруді тағы да ұсындық (2012 жылдан бері талай рет ұсынылды). 

- Төртіншіден, активтердің қайтарылуына айтарлықтай кепілдік беру үшін (оның үстіне олардың үлкендігі сонша, бір бөлігін жасыруға әрқашан мүмкіндік бар) Сыбайлас жемқорлық және капиталды заңсыз шығару үшін сотталған адамдардың бас бостандығынан айыру жазасын өтегеннен кейін де шетелге шығуына заңмен тыйым салу түріндегі қосымша шектеу шарасын енгізуді ұсындық.

Жасыратыны жоқ, бүгінде жемқор шенеуніктер бір-екі жылдан кейін шартты түрде бостандыққа шығып, жасырылған миллиондарға баратынына сенімді бола отырып, ең қисынсыз ұрлыққа барады. Бірақ егер олар ұрланған мүлікке бару және сол жерде шалқып өмір сұру мүмкіндігінен айырылса, тіпті қаржыны тергеуден жасырып қала алған күннің өзінде де, Қазақстанда шыға алмайтын болғасын ұрланған қаражатты инвестиция түрінде болса да қайтаруға мәжбүр болады. 

Қайталап айтамын, біз бұл ұсыныстарды бірінші оқылымда жасадық. Одан не шықты?

«Ақ жол» фракциясы аталған заң жобасына барлығы 16 түрлі түзету жіберді, оның ішінде қызу талқылаудан кейін жетеуі қабылданды:

- Қылмыстық кодекске заңсыз жолмен алынған мүлікті жасыру, сондай-ақ оларды заңдастыру түріндегі жаңа қылмыс құрамын енгізу туралы, ҚР ҚК 218-1 б.

Өйткені, заңсыз капиталды қалыптастыру әдістерінің өзі қолданыстағы заңнамада қарастырылған (мысалы, мемлекеттің немесе бөтеннің мүлкін ұрлау, пара алу, рейдерлік, салық төлеуден жалтару, сыбайлас жемқорлық қылмыстары және т.б.). Сонымен қатар, егер адам өзінің заңсыз байлығы бар екенін айтып/мойындап, оны мемлекетке қайтарса да, оның ақшаның бір бөлігін жасыру мүмкіндігі бар, әсіресе шетелдік юрисдикцияларға қатысты (б.ж. 7 маусымындағы сөзіміздің төртінші пунктін қараңыз). Сондықтан «Ақ жол» демпартиясының депутаттары мұндай әрекеттер үшін әртүрлі құрамдар бойынша – мүлкін тәркілеу мен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді ұсынды.

- осы заңда пайдаланылатын ұғымдарды халықаралық терминологияға сәйкес келтіруге байланысты алты түзету. Атап айтқанда, заң жобасында бастапқыда «негізсіз байлық» термині қолданылды. Ағылшын тіліндегі аудармада бұл baseless/unfounded wealth сияқты естіледі. Дегенмен, халықаралық тәжірибеде заңсыз капитал мәселесі алғаш рет қылмыстық қаржы туралы британдық заңда көтеріліп (Criminal Finances Act, 17.04.2017), онда «шыққан тегі белгісіз байлық» (unexplained wealth) термині енгізіліп, бүгінде жалпы қабылданған ретінде пайдаланылады - мысалы, Еуропалық Парламенттің жоғарыда аталған директивасында.

Ал бұл жерде мәселе терминдердің мағыналық айырмашылығында емес (орыс тілінде бұл шын мәнінде елеусіз), қайтарылған мүліктерді іздеу және оларды қайтару әрекеттері барысында біздің еліміз қазақтың заңдарынан гөрі британдық құқықпен көбірек таныс шет мемлекеттерге жүгінуге мәжбүр болады. Сондықтан практикалық тұрғыдан алғанда, бұл жұмыста өзіміз ойлап тапқаннан гөрі қалыптасқан халықаралық терминологияны пайдалану тиімдірек.

«Ақ жол» ұсыныстарының ішінен қабылданғандары осы ғана. Менің пікірімше, коцептуалды болмаса да, өте маңызды түзетулер. Концептуалды өзгерістерді парламенттік көпшілік жұмыс топтары кезінде өткізбей тастады. Егер осы үшін өткір пікірталастарға қатысуға туралы келді десем (біздің түзетулер бойынша әрдайым осылай) артық айтқандық емес. Жұмыс топтарынан кейін кейбір оппоненттеріміз бетпе-бет кездескесін бастамаларымызға қарыс шыққандарына ренжімеуімді сұрады. Салқынқандылық пен табандылық таныту қажет, түбегейлі өзгерістер орын алмай қоймайды), қажеттілігін «Ақ жол» демпартиясы талай жылдан бері айтып келе жатқан аталмыш заң жобасының пайда болуы да осыған дәлел.

(Тура «Ленин в октябре» фильмінде айтылатындай: «Товагищи, социалистическая революция, о необходимости которой всё время говорили большевики…»))

Енді бұл заңға өткізе алмаған өзгерістер туралы. Бұл ұсыныстар неғұрлым өзекті, бірақ қандай да бір себептермен (неге екенін болжауға болады) үкіметтің қабылдамауына солар ұшырады.

Сонымен:

1) Жұмыс тобы «Ақ жол» фракциясының мемлекетке қайтарылуға жататын капиталды шегін төмендету туралы бастамасын қабылдамады. Біз 100 миллион доллардан асатын активтерге аяқ астынан ие болған олигархтармен ғана емес, сонымен қатар олардың 30 миллион доллардан немесе одан да төмен капиталы бар әріптестерімен де мәселені шешіп алуды және бұл көрсеткішті қалыптастырудың нақты тәртібін немесе формуласын талқылауды ұсындық: белгілі бір сандар қалай және не үшін алынады.

Мемлекеттік органдар бірауыздан мұнымен келіспеді, тіпті 100 миллион доллар шегінің қайдан келгенін түсіндіруден де бас тартты, ал парламенттік көпшілік бұл түзетуге қарсы дауыс берді.

2) Үкіметтегі әріптестер мен жұмыс тобының көпшілігі Мәжіліске парламенттік тергеу жүргізу құқығын беру және заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі комиссия құру өкілеттігін Республика Парламентіне беру туралы ұсынысымызды қолдаудан бас тартты.

Бұл комиссияны Үкіметтің құруы және басқаруының заң жобасында белгіленген тәртібі мүдделер қақтығысын тудырады деп есептейміз. Мәселе парламенттік тергеудің әлемдік дәстүрінде («Ақ жол» фракциясы биылғы жылдың 7 маусымында сөйлеген сөзінің үшінші пунктінде айтылған) ғана емес, себебі, Үкімет Парламентке қарағанда, тек қана емес нормативтiк актiлердi әзiрлеп ғана қоймай, триллиондаған мемлекеттiк қаражатқа қатысты басқарушылық шешiмдердi тiкелей қабылдайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең жоғары қаупі атқарушы билікте – түсініксіз жағдайда долларлық мультимиллионерге айналып, тіпті сол үшін сотталған министрлердің, вице-министрлердің және әкімдердің тізімін жасауға болады. 

Үкімет жанындағы осындай комиссияның ең адал жұмысының өзі біздің қоғамда ғана емес, ең алдымен, ұрланған миллиардтарды іздеу және қайтару бойынша ынтымақтасуға тура келетін шетелдік серіктестер арасында да белгілі бір күмән тудырады. Бүкіл өркениетті (!) әлемде бұл функциялар парламенттік тергеуге жүктелгесін де. Бұл институт бүкіл әлемде, соның ішінде көршілес және әлдеқайда «либералды» емес Ресейде де қолданылады. Тек бізде ғана жоқ.

Естеріңізге сала кетейін, «Ақ жол» Демпартиясы 2012 жылдан бері әртүрлі заң жобаларында депутаттарға парламенттік тергеу жүргізу құқығын беру бастамасын көтеріп келеді, бірақ бұл әрекеттерге үкімет және (бір қызығы) бұрын «Нұротанның», бүгінде басқа тудың астына жиналған парламенттік көпшілік тосқауыл қойып келеді.

Бұл жолы да мемлекеттік органдар парламенттің өкілеттігін күшейтуге қарсы шығып (сонда Қ.Тоқаевтың ықпалды парламент пен есеп беретін үкімет туралы бұйрығы қайда қалады? - деп сұрадым мен), көпшілік соларды қолдап дауыс берді. 

Десе де, бірқатар бір мандатты депутаттардың, тіпті «Аманаттың» бір өкілі бұл бастаманы қолдағаны қуантты. Әріптестерім Б.Базарбекке, Е.Бәпиге, А.Құспанға және Р.Зайытовқа респект һәм құрмет.

Айта кетерлігі, жұмыс тобының жетекшісі, зерделі де жарқын тұлға С.Имашева да «Ақ жол» бастамасының өзектілігін мойындап, тіпті бірігіп кейіннен әрі басқа заң жобасын әзірлеуді ұсынды. Дегенмен, «кейінірек» дегенді біз 11 жыл бойы әр талқылауда естіп келеміз. Сондықтан, «Ақ жол» демократиялық партиясы «Парламенттік тергеу туралы» жеке заң жобасын әзірлеуге кіріскенін ресми түрде хабарлаймын; Осы саладағы халықаралық тәжірибені зерделеу мақсатында біз қазірдің өзінде отызға жуық демократиялық елдің елшіліктеріне жүгініп, тіпті алғашқы жауаптар мен ұсыныстарды алып жатырмыз. Парламенттік тергеу институты Президент Қ.Тоқаевтың конституциялық реформасының мәні мен рухына толық сәйкес келеді және біздің елімізде ерте ме, кеш пе жүзеге асады деп ойлаймыз. Бірақ әзірге, өкінішке орай, бұл бөлек мәселе.

3) Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жұмыс тобының көпшілігі «Ақ жол» фракциясының заңсыз капиталдар рейдерліктің, пара алудың, мемлекет қаржысын тонаудың не өзге де жемқорлық қылмыстардың салдарында пайда болды деуге негіз боларлық барлық жағдайларда қылмыстық іс қозғау және толыққанды тергеу жүргізу туралы ұсынысын да өткізбей қойды. 

Әділет министрлігі келіспеушілігін мұндай тәсілдің заңда белгіленген «азаматтық тәркілеу» форматын бұзатындығымен (7 маусымда сөйлеген сөзімде «Түсіну және кешіру» деп атағаным) түсіндіріп отыр. Шенеуніктер жемқорлардың мүлкін қайтаруды бастау үшін осы жеткілікті болады деп сенеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда капитал мен мүлікке үш (!) амнистия жарияланғанын еске түсіруге тура келді. Және олар ешқашан өз мақсатына жетпеді. Қазақстандық жемқорлар қорықпайтындардың қатарынан, «Қарызды қорқақтар ғана өтейді» деген қағидамен өмір сүреді. Ұрланған қаржы «бәрін кешіру» туралы уәдемен емес, нақты шаралармен ғана қайтарылуы мүмкін. Бірақ әзірге біздің дәлелдерімізді тек Б.Базарбек қолдады.

4) «Ақ жол» демпартиясының заңсыз капиталдың анықталған иелеріне жазасын өтегеннен кейін де шетелге шығуға тыйым салу (7 маусымдағы сөзіміздің төртінші пунктін қараңыз) туралы бастамасы кеңірек қолдау (6 депутат, жұмыс тобының жартысына жуығы) тапты. Жасырып-тыққан капиталдарына жету мүмкіндігінен айырылған жемқор шенеуніктер оларды тым болмаса инвестиция түрінде елге қайтаруға мәжбүр болар еді. Әйтпесе, ұрлап-жасырғанның не пайдасы бар?

Дегенмен, «қос жазаға» тыйым салуды, тіпті «қозғалыс бостандығына конституциялық құқықты бұзуды» желеу етіп, бұл жөнді идеяға қарсы шыққан билікшіл әріптестер де болды.

Біздің дәлелдеріміз: бұл «қос жаза» емес, шектеу шарасы. Қолданыстағы заңнамада бір қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды, тәркілеуді және тыйым салуды көздейтін нормалар (мысалы, кәсіптік қызмет немесе лауазымды атқару) бар. Сонымен қатар, Конституцияда азаматтардың құқықтары заңмен шектелуі мүмкін екендігі көрсетілген. Өйткені, еркін жүріп-тұрудың конституциялық құқығына – жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру мерзімі қайшы келмейді ғой? Ал бұл жағдайда нақты қылмыс пен оның құрамы (заңсыз алынған активтерді жасыру) және осы шектеуді қолдану туралы сот шешімін шығару қажеттілігі туралы сөз болып отыр.

Бірақ парламенттік көпшілік әлі де үкіметке қарап отырғандықтан, жоғарыда атап өткен 6 дауыстың қолдауына қарамастан, жұмыс тобы бұл түзетуді де қабылдамады.

Айтылғандарды қорытындылай келе, барлық ескертулерге қарамастан, бұл заң жобасы мемлекет үшін де, біздің қоғам үшін де аса қажет екенін тағы да атап өткім келеді. Сондықтан «Ақ жол» фракциясы оны құптап, қолдады.

Ал, біздің қабылданбаған ұсыныстарымызға келетін болсақ, заңнама деген де елмен бірге қатар дамып отыратын бір тірі организм екенін тәжірибе көрсетіп берді. Көп мәселеге жақын болашақта парламент қайта оралады. Мұндай жағдай бұрын да болған, аталмыш заң нормаларын қолдану тәжірибесі оны «Ақ жол» партиясы айтқан түзетулермен жетілдіру қажеттілігіне алып келетініне күмәнім жоқ. Ал, мәселенің өте өзектілігіне байланысты бұл қажеттілік көп күттірмейді деп ойлаймын. 

Сабырлық пен табандылық таныту қажет.