17
Наурыз

Құрылыс саласындағы кадр тапшылығы: шешім қандай?

17 наурыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Әр салада кәсіби мамандардың болуы аса маңызды. Бүгінде Шымкент қаласында құрылыс саласында білікті мамандардың жетіспеушілігі айқын сезілуде. Бұл мәселені шешу үшін қала әкімдігі және жергілікті құрылыс компаниялары мен жоғары оқу орындары бірлесе жұмыс істеуге кірісті.

Аталған бастамаға “Ақ жол” ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты, INTEGRA CONSTRUCTION KZ ЖШС-нің бас директорының орынбасары  Батырбек Мырзакелдіұлы да қолдау білдірді. Қаламыздағы ірі құрылыс компаниялары – BI Group, OKS Group, Incon KZ, Otau Group – бұл бастаманы қолдап, студенттерді тәжірибеден өткізуге және жұмысқа орналастыруға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ, еліміздегі ең көп студенті бар жоғары оқу орнының ректоры Дархан Ахмед-Заки бастаған ұжым да осы бағытта нақты жұмыстарды қолға алды.

Бұл серіктестік аясында жергілікті студенттер үшін маңызды мәселелер анықталды:

Құрылыс саласына қандай мамандар қажет?

Қай пәндер мен бағыттарды тереңдетіп оқыту керек?

Студенттерді тәжірибеден өткізу және жұмысқа орналастыру қалай жүзеге асады?

Осы сұрақтар бойынша келісімге қол жеткізіліп, нақты шаралар қабылдануда. Бұл қадам қаладағы құрылыс саласының дамуына ғана емес, жас мамандардың сапалы білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына да оң ықпалын тигізбек.