5 наурыз 2023 жыл, “Ақ жол” демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Азат Перуашев бастаған «Ақжолдың» республикалық штабының мүшелері Қостанай облысындағы Рудный қаласына барды.
Сапар аясында партия лидері Азат Перуашев, партияның Қостанай облыстық филиалының төрағасы Махаббат Жұтаев, Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар «РудныйАвтоТранс» ЖШС мен «Аят» жеке спорт кешенінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, «Ақ жол» демпартиясының Қостанай облысындағы партия белсенділерімен жүздесті.
Автопарк қалалық және халықаралық жолаушы тасымалы бойынша қызмет көрсетеді. Үгіт-насихат тобына автопарк басшылығы бұл кәсіпорын тарихында Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың бірінші рет келіп тұрғанын айты.
- Зейнеткерлер мен мектеп оқушыларының жол ақысын субсидиялауға көмек керек және маршруттарды бөлуде жолаушылар ағынының теңгерімді үйлесімі, электронды билетті енгізуде және т.б. мәселеде қолдау қажет. Кәсіпорын үнемі әкімдікпен соттасуға мәжбүр, бірақ процестерді жеңсек те, өзіміздің дұрыстығымызды қайта дәлелдеуге тура келеді, - деді ЖШС директоры Сұлтанбек Ермұханов.
Азат Перуашев бұл мәселеден хабары барын, «Ақ жол» демпартиясы Жолаушылар тасымалы қауымдастығымен тікелей байланыста екенін және осындай мәселелер Теміртау, Шымкент, Ақтөбе, Астана, Атырау, Семей қалаларының автопарктерімен өткен кездесулерде көтерілгенін айтты.
- Қалалық көлік инфрақұрылымын дамыту қоғамның өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі деп санаймыз, бұл мәселені үкімет пен Бас прокуратураға жолдаған депутаттық сауалдарымызда бірнеше рет көтердік. Сайлаудан кейін біздің мәслихат депутаттарымыз бұл жұмысты жергілікті жерлерде жалғастырады, қажет болған жағдайда Парламенттегі фракция да атсалысады, - деп сендірді ол.
Кездесу барысында штаб өкілдері «Ақ жол» партиясының бүгінгі жұмысы мен оның бағдарламасына тоқталды.
- Өткен жылы Президент конституциялық реформаға бастамашы болып, саяси құрылымның жаңа тұжырымдамасын ұсынды, оны «Тоқаев формуласы» деп атауға болады: Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет. Біздің партия осы векторды қолдап, парламенттік республиканы жақтайды. Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Рудныйға сапары аясында құбыры жарылған үйге де келіп, апатты жою жөнінде тапсырма берген болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің адамгершілігін, халыққа деген көзқарасын көрсетті, бұл керемет. Бірақ қазіргі режимде мұндай төтенше жағдайларды жоюмен және олардың алдын алумен жергілікті атқарушы органдар: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, әкімдіктер, энергетиктер айналысуы керек. Парламенттік республика аясында барлық басқару жүйесі жоғарыдан пәрмен күтпей, барлық мәселені бір президентке ілмей, дербес жұмыс істеуі керек. Мұнымен халық сайлайтын Парламент пен мәслихаттар түріндегі ұжымдық билік айналысуы керек, - деді Азат Перуашев.
Белгілі болғандай, ұжымда Тәуелсіздік алғаннан кейін тарихи отанына оралған қандас жүргізушілер де аз емес екен.
Олармен тілдескен Азат Перуашев 2017 жылы Қазыбек Исамен бірге Бейжіңге барған сапары туралы айтып, сол кезде Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің басшылығымен кездескеннен «Ақ жол» демпартиясына қандастардың берген тізімі бойынша 80-ге жуық адамды босатып, Қазақстанға қайтаруға қол жеткізілгенін еске салды.
Сондай-ақ, ол «Ақ жол» бағдарламасында қандастарды тарихи Отанына тартуды жалғастырып, оларға жан-жақты қолдау көрсету қажеттілігі көрсетілгенін тілге тиек етті.
“Ақ жол” кандидаттары ұжыммен еркін әңгімелесіп, сұрақтарға жауап берді. Жүргізушілермен әңгімеден соң кәсіпорын басшысы «Ақ жол» партиясына ризашылығын білдірді.
- Азат Тұрлыбекұлы, келгеніңізге рахмет. Біз үшін бұл үлкен тосынсый, өйткені 15 жыл бойы біздің автопаркке бірде-бір саясаткер немесе министр келмеді. Сіздің бағдарламаңызды тыңдау бізге нағыз шабыт сыйлады. Сіздер менің көптеген әріптестеріме дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдауға көмектестіңіз деп ойлаймын. Сіздердің жұмыстарыңыз бәріміз үшін өте маңызды.
Мұнан соң, “ақжолдықтар” Рудный қаласындағы «Аят» жеке спорт кешеніне барды.
Мұнда 500-ге жуық адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады, «Аят» футзал командасы бірнеше рет Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, халықаралық жарыстардың қатысушысы болған.
Штаб мүшелері жаттықтырушылармен, спортшылармен, фитнес залының клиенттерімен кездесті.
Сондай-ақ, Рудный қаласы мен аудандық маслихаттар депутаттығына «Ақ жол» партиясынан ұсынылған кандидаттармен кеңес өткізді.