13 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Руслан Мырқалықов Тараз қалалық
мәслихатына қайырылған І топтағы мүмкіндігі шектеулі Артем есімді азаматының
ватсап арқылы өтінішіне сәйкес Смоленск көшесінің 1 бұрылыстағы №1 және №2
үйлердің тұрғындарымен кездесті.
Ақжолдық депутат тұрғындардың өтініштеріне қарай бірден қалалық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің жауапты маманын
шақырып, мәселені шешіп берді.
«Бөлім мамандары тұрғындардың ағаштарды кесуге қатысты өтініштерін
толтыруға көмектесіп, жақын арада бұл
мәселенің шешілетінін айтты. Кездесуде азаматтар екі қабатты тұрғын үйді
мемлекет бағдарламасымен күрделі жөндеуден өткізілсе, аталған көшенің жолы
кеңейтілсе және жаяу жүргіншілер
жолағы салынса деген тілектерін
жеткізді. Бұл мәселелер назарға алынып, тиісті мекемелерге депутаттық сауал
жолданатын болады», - деді Руслан Мырсапарұлы.






