25
Сәуір

Руслан Мырқалықов қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысына қатысты

25 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Руслан Мырқалықов Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысына қатысып, шаһардың жаңадан құрылған екі ауданының жұмысын тиімді үйлестіруге қатысты өз ұсынысын айтты.

Комиссия төрағасы Б.Тоқтағұлдың төрағалығымен өткен комиссия отырысында «Аудандағы атқарылған жұмыстардың барысы және алдағы жоспар туралы» «Әулиеата» ауданы әкімінің м.а. М.Нұрмахановтың және «Жібек жолы» ауданы әкімінің м.а. Е.Данаевтың баяндамалары тыңдалды.

Заңға сәйкес халқы 400 мыңнан асқан қалалар аудандарға бөлініп, шекарасы қайта бекітіледі. Сондықтан тұрғындары 435 мыңға жеткен Тараз екі ауданға бөлінді. Қаланың қос қанатына «Әулиеата» және «Жібек жолы» деген атау беріліп отыр.

Екі ауданның құрылуына байланысты қалаға іргелес жатқан Жамбыл және Байзақ ауданынан 14 елді мекен мен 2 саяжай қалаға қосылды. Қосылды деп жай ғана айтқанмен, ауыл тұрғыны мәртебесінен қала тұрғыны мәртебесіне көшірудің өзіндік әуре-сарсаңы бар. Депутат осы мәселені көтеріп, оны азаматтар үшін тиімді жолмен шешуді ұсынды.