10
Желтоқсан

Руслан Мырқалықов Астана қаласында өткен 27 сағаттық оқу-семинарына қатысты

10 желтоқсан 2024 жыл, Астана қалалық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан Мырқалықов Астана қаласында өткен «Қалаларды трансформациялау және аумақтарды кешенді дамыту негіздері» атты 27 сағаттық оқу-семинарына қатысып, сертификат алды.

Оқу курсын «Аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы» ұйымдастырды. 3 күнге созылған курстық дәрістерге басқа өңірлерден келген мәслихат депутаттары, архитекторлар мен сәулет және қала құрылысы басқармалары және бөлімдерінің мамандары да шақырылды.

Оқу-семинарында қалаларды дамыту жобаларын әзірлеу, оны іске асыру жолдары қозғалды. Түрлі ұсыныс-жобалар талқыланды.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды.