22
Қантар

Руслан Мырқалықов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңес отырыстарына қатысты

22 қаңтар 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан Тараз қалалық мәслихатына сайланған депутат Руслан Мырқалықов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің сайлау комиссиясының төрағасы ретінде Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі және әйелдер кәсіпкерлігінің салааралық кеңес отырыстарына қатысты.

Кеңес отырыстарын өткізудің мақсаты – Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңестің жаңа құрамын сайлау. Жиындарда кеңес мүшелері салалық және аудандық кеңестердің жаңа мүшелерін іріктеу үшін дауыс береді.

«Бұл процесс аймақтың бизнес мүдделерін қорғайтын және кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін шешімдерді әзірлеуге қатысатын өкілдерді таңдаудағы негізгі қадам.

Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі – бизнес-қоғамдастықтың үні, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасаудың, жүйелі мәселелерді шешудің және кәсіпкерлердің мүддесін ілгерілетудің негізгі құралы», - дейді сайлау комиссиясының төрағасы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан Мырқалықов.