27 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Жамбыл
облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшесі Руслан Мырқалықов
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі Кеңестің кезекті отырысына зум арқылы онлайн жүйеде қатысты.
Жиында кеңес хатшысы Нұралы Ергебаев мемлекеттік тапсырыс бойынша
қаржыландырылатын меншік нысанына қарамастан, балалардың мектепке дейінгі
ұйымдарда болуын бақылау үшін ақпараттық жүйені енгізу туралы баяндама жасады.
Кеңес отырысында күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша зерделеу жұмыстары
мен талдаулардың нәтижелері қарастырылды. Кемшіліктер сараланып, шешім
қабылданды.