13 ақпан 2025 жыл Жамбыл облыстық филиалы
Меншік иелерінің келісімшарттарын қарады
«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан
Мырқалықов мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.
Тұрақты комиссия отырысында Абай даңғылы арқылы теміржол өтпелі көпірі және
жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыстарын жүргізу үшін шойын жолдың арғы және
бергі жағындағы жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүліктерді мемлекет
мұқтажы үшін қайтару туралы мәселе қаралды.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 65-бабының талаптарына сәйкес, тәуелсіз
бағалаушы «Evaluating company» ЖШС-нің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы бағалау
есептеріне сәйкес меншік иелеріне келісімшарт жобасымен ұсыныстар жолданған.
Келісім білдірген меншік иелерімен шарт жобасы жасалған. Депутаттар 35 жер
учаскесіне қатысты келісімшарттарды қарады, -
дейді Руслан Мырқалықов.