27 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаттары
Руслан Мырқалықов пен Бауыржан Найзақұлов әріптестерімен бірге №2 «Арнаулы
әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында» тұрып жатқан тыл еңбеккерлерін Жеңістің
80 жылдығымен құттықтады.
Депутаттар тыл ардагерлеріне гүл
шоқтары мен сыйлықтар табыс етті. Қарттардың жай-күйімен танысып, әңгімелесті.
Соңынан Жеңістің 80 жылдығына орай орталық қызметкерлері арасында
ұйымдастырылған байқаудың ашылу салтанатына қатысып, қатысушыларға сәттілік
тіледі.
«Жыл өткен сайын майдангерлер мен соғыс жылдарында тылда еңбек еткен
ардагерлердің қатары сиреп барады. Біз оларға бүгінгі бейбіт күніміз үшін
қарыздармыз. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында» тыл еңбеккерлері
тұрады деген соң, барып қал-жағдайларын біліп, сый-құрметімізді көрсетіп
қайттық», - дейді Руслан Мырқалықов.



